Экономика • 27 Тамыз, 2021

Карантиндік фитосанитарлық бақылау туралы Ресеймен келісімдерге келдік – АШМ

316 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы А.Марстың Россельхознадзор басшысының міндетін атқару А.Кармазинмен кездесті, деп жазады Egemen.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Карантиндік фитосанитарлық бақылау туралы Ресеймен келісімдерге келдік – АШМ

Кездесу аясында жедел ақпарат алмасу және бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарды сақтау мақсатында Қазақстандық бірыңғай автоматтандырылған басқару ақпараттық жүйесі ЕАСУ АЖ мен Ресейлік «Аргус-Фито» Федералдық мемлекеттік ақпараттық жүйесі араларындағы интеграциялау жұмыстарын жүргізу жоспары бекітілді

Сондай-ақ «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» РММ мен «Бүкілресейлік өсімдіктер карантині орталығы» ФМБМ арасында зертханааралық салыстыру сынақтарын жүргізу, карантиндік объектілерді сәйкестендірудің озық әдістерін қолдану саласындағы екі елдің зертханалары арасындағы ынтымақтастықты тереңдету бойынша келісімге қол жеткізілді. 

Министрлік «Qaztomat» ЖШС жылыжай кешенінің аумағынан қызанақ экспортын қайта жаңдандыру мәселесін көтерді, Россельхознадзор өкілдері бұл мәселені жедел қарауға және қабылданған шешім туралы ведомствоға хабарлауға дайын екендіктерін білдірді.

Екі жақ өкілдері өсімдік текті өнімдердің ГМО-ға қойылатын заңнамалық талаптары туралы ақпарат алмасып, осы бағыт бойынша бақылауды өзара күшейту қажеттілігі туралы шешімге келді.

«Астық қауіпсіздігі туралы» КО ТР 015/2011 техникалық регламенті талаптарының сақталуын, оның ішінде астықты өздігінен декларациялауды, оны декларациялау кезінде зертханалық зерттеулер жүргізудің толықтығын бақылауды күшейту және фитосанитариялық сертификаттарсыз карантинге жатқызылған жоғары фитосанитариялық тәуекел өнімдерінің айналысына жол бермеу  бойынша келісілді.

ЕАЭО деңгейінде одақтың кедендік аумағындағы пестицидтердің айналымы мәселелерін реттейтін «Пестицидтердің қауіпсіздігі туралы» бірыңғай техникалық регламентті әзірлеу мәселесіне бірлесіп бастамашылық ету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.