Аймақтар • 27 Тамыз, 2021

Өскеменде жолаушылар автобусы жыраға құлап кетті

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласында жолаушылар отырған автобус жыраға құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО Полиция департаментінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Өскеменде жолаушылар автобусы жыраға құлап кетті

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы бүгін таңертең Красин кентінде болған.

«Қоғамдық көлік Пушкин көшесінде келе жатты. Кенет 59 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай, автобус жыраға құлап кеткен. Жол апатынан зардап шеккен ешкім жоқ», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Тәртіп сақшылары аталған факті бойынша автобус жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырды.