Білім • 27 Тамыз, 2021

Жарылыстан зардап шеккен ауылдарда оқу процесі тоқтамайды – БҒМ

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Білім және ғылым вице-министрі сабақтардың жоспар бойынша басталатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Жарылыстан зардап шеккен ауылдарда оқу процесі тоқтамайды – БҒМ

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың айтуынша, сабақтар жоспар бойынша басталады.

«Бұл жағдай орын алғаннан кейін, министрдің тапсырмасы бойынша Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері оқиға орнына барды. Өкіліміз жарылыстан зардап шекке бес ауылда болды. Ол балалардың барлық ата-аналарымен және балалардың өздерімен кездесті. Балалардың жағдайы тұрақты, олардың қауіпсіздігі, тұруы, тамақтануы үшін жағдайлар жасалған. Оқытуға келетін болсақ, бұл елді мекендерде мектептер де тексерілуде. Тиісті техникалық аудит жүргізілетін болады. Әзірге жергілікті атқарушы органдар, тиісті құрылымдар, соның ішінде біздің комитет визуалды тексеру жүргізді. Мектептер күрделі салымдарды қажет етеді. Бірақ кейбір шешімдер аудит жүргізілгеннен кейін қабылданады. Әрине, осы елді мекендерде тұратын балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы оқу процесі тоқтатылмайды. Оқу жылы міндетті түрде басталады және тиісті шаралар қорытынды жасалғаннан кейін қабылданады», деді  ведомство өкілі.