Қазақстан • 28 Тамыз, 2021

Жамбылдағы жарылыста қаза тапқандар рухына Құран хатым бағышталады

714 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 тамыз жексенбі күні таңғы сағат 10:00-де еліміздің барлық мешіттерінде Жамбыл облысындағы жарылыста қаза тапқандардың рухына бағышталып Құран хатым оқылады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбылдағы жарылыста қаза тапқандар рухына Құран хатым бағышталады

«Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауы - еліміздің басына түскен ауыр сынақ, барша қазақ елінің қабырғасын қайыстыруда. Осыған орай 29 тамыз жексенбі күні таңғы сағат 10:00-де еліміздің барлық мешіттерінде Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты олардың рухына бағышталып Құран хатым дұғасы оқылады», делінген хабарламада.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.