Қазақстан • 28 Тамыз, 2021

«Қазпошта» басқарма төрағасы қызметінен кетті

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтап, 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап оның міндетін Серік Саудабаев атқаратын болды, деп хабарлайды Egemen.kz «Самұрық-Қазына» қорына сілтеме жасап.

«Қазпошта» басқарма төрағасы қызметінен кетті

Серік Саудабаевтың жоғары экономикалық және жоғары заңгерлік білімі бар. 2010 жылдың маусым айынан бастап осы уақытқа дейін, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның «Қазақтелекомс және «Қазпошта» сияқты активтеріне жауапты салалық дирекциясын басқарды.

2010 - 2014 жылдары аралығында және 2016 жылдан осы уақытқа дейін Серік Саудабаев «Қазпошта» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі болған. 

Өзінің қызмет жолында Серік Саудабаев «Қазақтелеком» АҚ мен «Kcell» АҚ директорлар кеңесінде акционер мүддесінің өкілі және «QazCloud» ЖШС бақылаушылар кеңесіне мүшелік еткен.