Әлем • 29 Тамыз, 2021

Қырғызстанда парламент депутаттарын сайлау күні бекітілді

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қырғызстан парламентіне қайта сайлау өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Сайлау 2021 жылы 28 қарашада өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстанда парламент депутаттарын сайлау күні бекітілді

2020 жылдың қазан айында өткен Қырғызстандағы сайлау жаппай заң бұзушылыққа ұласты. Елде митингтер басталған еді. Нәтижесінде жүздеген адам жараланды, бір қырғыз азаматы қаза тапты. Шерушілер парламент ғимараты мен президент әкімшілігін басып алды, содан кейін Қырғызстанның басшысы болған Сооронбай Жээнбеков отставкаға кеткен еді. Сол күнгі сайлау нәтижелері жойылды.

Еске салайық, көрші ел тізгінін қаңтар айынан бастап Садыр Жапаров басқаруда.