Қоғам • 29 Тамыз, 2021

Футболдан ұлттық құрама бас бапкері короновирус жұқтырды

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтың ПТР тесті нәтижесі оң қорытындыны көрсеткен, деп жазады Egemen.kz.

Футболдан ұлттық құрама бас бапкері короновирус жұқтырды

Көп ұзамай Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің үш матчын өткізеді, олардың біріншісі 1 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда Украинаға қарсы өтеді, содан кейін ұлттық құрама Финляндия мен Босния құрамаларымен кездеседі.

Айта кетейік, Қазақстан іріктеу кезеңін өз алаңымызда Францияға қарсы бастап, тізе бүксе, қонақта Украинамен тең түсті. Қазіргі уақытта ұлттық құрама бір ұпаймен D тобында соңғы орынға тұрақтаған. Франция (7) көш бастап тұр, Украина (3), Финляндия (2) және Босния мен Герцеговина (1).

Соңғы жаңалықтар