Әлем • 29 Тамыз, 2021

Талибандар ауған халқының атақты әншісін атып өлтірді

1270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талибан ауған халқының ұлттық әндерін орындайтын әнші Фавад Андарабиді атып өлтірді. Бұл туралы Times Now телеарнасы әншінің туыстарына сілтеме жасап хабарлады. Ақпаратты Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің экс-министрі Масуд Андараби Twitter-дегі парақшасында растап, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талибандар ауған халқының атақты әншісін атып өлтірді

Олардың айтуынша, бірнеше содыр әншінің үйіне басып кіріп, Масуд Андарабиді аулаға шығарып, атып тастаған.

Әнші өз шығармалары арқылы Талибан (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қарсыластарына қолдау білдіріп отырған. Радикалды қозғалыс жетекшілерінің көпшілігі музыканттың жұмысы «исламға қайшы» деп есептеп, осындай әрекетке барған. 

 

Соңғы жаңалықтар