Білім • 29 Тамыз, 2021

Ақтөбе облысында мұғалімдердің 100 пайызы вакцина алды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында мұғалімдердің 100 пайызы вакцина алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында мұғалімдердің 100 пайызы вакцина алды

«Үкіметтің арнайы ведомствоаралық комиссиясының шешімімен 1 қыркүйектен бастап барлық мектептер оқуды дәстүрлі форматта бастауы керек. Осыған сәйкес еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің, Ақтөбе облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары шығарылды. Осы қаулыларға сәйкес барлық мектепте санитарлық жағдай толық тексерілді. Мектептерде оқушылар арасында аурудың таралуын болдырмау жөнінде арнайы шаралар қабылданды», делінген хабарламада.

Өңірдегі барлық мұғалім, техникалық қызметкер 100 пайыз вакцина алған.

«1 қыркүйектен бастап барлық мектептерде арнайы фильтр ұйымдастырылып, оған арнайы мамандар бекітіледі. Мектептерде бұрынғыдай кабинеттік жүйе болмайды, әр сынып өз класында оқиды. Қоңырауда әр сынып оқушыларының бір-бірімен кездеспеуі жөнінде арнайы шаралар қолданылады. Асханаға да әр сыныптың балалары бөлек-бөлек баруға тиіс. Дезинфекциялық шаралар күшейтіледі. Мектепке тек вакцина алған мұғалімдер ғана кіргізіледі», делінген хабарламада.

Ата-аналар Ashyq жүйесі арқылы (жасыл мәртебесі болғанда ғана)  ғимаратқа кіре алады. Осындай нақты шаралардың нәтижесінде мектептерде инфекцияның таралуына жол берілмейді.

«Эпидемиологтар, санитар дәрігерлер, емдеу мекемелеріндегі дәрігерлер тұрғындарды вакцина алуға шақырып отыр. Вакцина алмайынша, бұл ауруды толық жеңу мүмкін емес. Себебі вирус мутациялануы мүмкін», делінген хабарламада.