БАҚ таратқан мәліметтерге сүйенсек, оқиға Кабул әуежайы маңында болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, зымыран тұрғын үйдің үстіне келіп түскен.
Кей дереккөздер жарылысты зымырандық шабуылға жатқызып отыр. Қазір зардап шеккендердің саны туралы ақпарат тексерілуде. Оқиғаның басқа мән-жайы әзірге белгісіз.
Осы аптада Ауғанстан астанасында болған бірнеше жарылыстан 100 -ден астам адам қаза тапты. Жанкештілер Кабулдың бірнеше нүктесінде, соның ішінде әуежай маңында жарылғыш құрылғыларды іске қосты. 90 жергілікті тұрғын мен 13 американдық сарбаз жарылыстың құрбаны болды.