
Fitness Park KZ жобасын іске асыру шеңберінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Солтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарында жаппай онлайн және офлайн жаттығулар өткізді. Жоба аясында Fitness park KZ бұқаралық спортты дамыту бағдарламасы мен әдістемесі әзірленді. Спортпен шұғылдану үшін онлайн режімде 10 түрлі шеберлік бейне-жазба ұсынылған.
Осы арқылы қатысушылар аэробика, плиметрика, кардио, функционалдық, күштік және жауынгерлік спорт түрлері бойынша жаттығулар кешенін меңгеріп, күнделікті негізде спортпен айналысуға мүмкіндік алады.
Жыл соңына дейін еліміздің барлық өңірінде бұқаралық спорттық іс-шара өткізу жоспарланған. Жастар арасында бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды насихаттау жөніндегі іс-шаралар келесі жылы да іске асырылады.
«Егемен-ақпарат»