Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қошқарбаев көшесімен Сарыкөл көшесіне қарай келе жатқан «Toyota Camry» маркалы автомобиль тоқтаған сәтте жалған нөмір тағылғаны расталған.
Көлік тізгіндеген 31 жастағы қала тұрғынына Әкішілік құқық бұзу туралы кодекстің 590-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ол бойынша жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе бір жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі жауапкершілікті көздейді.