Аймақтар • 30 Тамыз, 2021

Байқоңырда карантин тағы екі аптаға ұзартылды

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Байқоңыр кешенінің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің ұсыныстары негізінде  қаласдағы карантин режимін 12 қыркүйекке деін ұзартты, деп жазады Egemen.kz.

Байқоңырда карантин тағы екі аптаға ұзартылды

Қаулыға сәйкес, қалада коронавирус инфекциясын таратпау үшін қолданыстағы шектеу шаралары сақталады. Сонымен қатар,  №3 бақылау-өткізу бекеті арқылы сағат кешкі 21.00-ден таңғы 08.00-ге дейін көліктер мен адамдардың өтуіне шектеу енгізілді.

Қалалық жедел штаб Байқоңырдағы эпидемиологиялық ахуал мәз емес екенін мәлімдеді. Соңғы екі аптадағы ресми мәліметтерде 2021 жылдың 13-27 тамызы аралығында 278 адам коронавируспен ауырғаны көрсетілген. Ал вирус жұқтырғандардың жалпы саны 1945 адамнан 2223 адамға дейін өсті. 14 күн ішінде 11 өлім тіркелді. Бұл пандемия басталғаннан бергі эпидемиялық жағдай бойынша абсолютті рекордтық көрсеткіш. 48 адам жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр.

Байқоңыр қаласының жедел штабы инфекцияның алдын алу бойынша барлық шараларды сақтауға, жаппай вакцина салдыруды жалғастыруға шақырады.