Фото: kfb.kz
Азия чемпионатында 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер 10 салмақ бойынша сынға түсіп, 12 медаль алды. Оның сегізі алтын, екеуі күміс және екеуі қола медаль.
Алтын медальді: Санжар Тәшкенбай (48 кг-ға дейін), Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг-ға дейін), Әбдікәрім Әбдіғалым (57 кг-ға дейін), Ерасыл Ермек (60 кг-ға дейін), Ернұр Сүйінбай (63,5 кг-ға дейін), Абзал Серік (67 кг-ға дейін), Бақберген Әлиасқаров (75 кг-ға дейін), Темірдан Мұқатаев (86 кг-ға дейін) алды.
Күміс жүлдені Мәди Әміров (96 кг-ға дейін) мен Даниял Сапарбай (92 кг-ға дейін) еншіледі.
Арман Алматұлы (71 кг-ға дейін) мен Дәурен Мамыр (82 кг-ға дейін) қола жүлдеге ие болды.