Елорда • 30 Тамыз, 2021

Алтай Көлгінов қала тұрғындарына үндеу жолдады

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жолдарда трафиктің көбеюіне байланысты қала тұрғындары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау қажет екенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алтай Көлгінов қала тұрғындарына үндеу жолдады

«Оқу жылының офлайн форматта басталуына және демалыс маусымының аяқталуына байланысты жолдардағы трафик артады. Тұрғындардан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. 

Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін автобустар санын көбейттік – күн сайын желіге 850-ден астам қоғамдық көлік шығады. Қозғалыс кестесін оңтайландырып, жаңа бағыттарды іске қостық. Мысалы, №30 бағдар «Өндіріс» елді мекеніндегі қоғамдық көлік жұмысын жақсарту үшін іске қосылды, ол Дауылпаз көшесіндегі №92 мектеп-лицейді (Б.Момышұлы даңғылы) және «Зеленый квартал» ТК ауданындағы жаңа мектепті қамтиды.

№4, 7, 17, 21, 23, 25, 40, 41, 48 маршруттарында жылжымалы құрам айтарлықтай жаңартылды. Тек осы жылдың өзінде қосымша 6 учаскеде автобус жолағы енгізілді. Жоғарыда аталған барлық шаралар автобустардың күту аралығын және жол жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. 

Естеріңізде болса, 2020 жылдың наурыз айынан бастап кәмелетке толмағандарға тегін жол жүру енгізілген. Тіпті карантин жылын ескерсек, осы жылдың 8 айында ғана балалар 8 млн 300 мыңнан астам сапар жасаған. Мектептен басқа оқушылар әртүрлі үйірмелер мен секцияларға қатысып, құрдастарымен кездесетінін ескерсек, бұл шара отбасылар үшін айтарлықтай қолдау болып саналады деп ойлаймын. Әсіресе бір үйде бірнеше бала болса. Кәмелетке толмағандар үшін жол жүру тегін», деп жазды елорда әкімі.