Теннис • 31 Тамыз, 2021

US Open: Шведова келесі кезеңге өте алмады

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова US Open турнирінде қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.

US Open: Шведова келесі кезеңге өте алмады

Дүниежүзілік рейтингте 452-орында тұрған Я.Шведова алғашқы айналымда әлемнің 99-ракеткасы, италиялық Ясмин Паолинимен шеберлік байқасты.

Бұл кездесуде италиялық теннисші 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Я.Паолини 1 сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында 1 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың алтауын өз есебіне жазды. Я.Шведова 4 эйс, 4 брейкке (6 брейк-пойнт) қол жеткізді.

Осылайша АҚШ ашық чемпионатында жекелей сында төрт қазақстандық теннисшінің үшеуі жеңіліс тапты. Тек Елена Рыбакина ғана келесі кезеңге өтті.

Бүгін ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик германиялық Янник Ханфманмен кортқа шығады.

Сондай-ақ Зарина Дияс америкалық Аманда Анисимовамен ойнайды.

Соңғы жаңалықтар

Бағзыдан жеткен балбал тас

Жәдігер • Бүгін, 09:00

Шашубайдың тамы

Әдебиет • Бүгін, 08:55

Халық мұғалімі

Зерде • Бүгін, 08:52

Парасат биігіндегі ғұмыр

Тұлға • Бүгін, 08:50

«Айқаптағы» Мағжан өлеңдері

Әдебиет • Бүгін, 08:48

Сөз сайысындағы сатира

Мирас • Бүгін, 08:45

Қылқаламдағы қала тынысы

Көрме • Бүгін, 08:43

Құқықтық сауатты арттыратын алаң

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Үш айда 32 адам қаза тапты

Қоғам • Бүгін, 08:25