Аймақтар • 31 Тамыз, 2021

Алматы облысында 3230 адам коронавирустан емделіп жатыр

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен тәулікте Алматы облысында 359 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында 3230 адам коронавирустан емделіп жатыр

Соның ішінде Талдықорған қаласында 163 жағдай, Талғар ауданында – 32, Панфилов ауданында – 21, Қарасай ауданында – 20, Алакөл ауданында – 19, Еңбекшіқазақ ауданында – 18, Жамбыл ауданында – 17, Сарқан ауданында – 15, Ескелді ауданында – 13, Текелі қаласында – 11, Іле ауданында – 9, Балқаш және Ұйғыр аудандарында 8 жағдайдан, Қаратал ауданында – 3, Көксу ауданында 2 жағдай тіркелді.

Сондай-ақ 346 адам жазылып шықты.

Өңір «қызыл» аймақта. «Бүгінгі жағдай бойынша өңірде 3230 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 206 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны 6080. Төсек-орын жүктемесі – 53,1 %», делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Соңғы 3 күнде 8156 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді. Науқастармен қарым-қатынаста болған 5 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 670 733. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 2371. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 546 148. Өткен күні ғана екпе алғандар саны – 2954.