4 күдіктінің үшеуі 17 жаста, тағы біреуінің жасы 18-де. Қазіргі уақытта олар қамауда отыр.
Аталмыш оқиға Текелі қаласында орын алған. Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.
«10 шілде күні Текелі қалалық полиция бөліміне 36-жастағы Ескелді ауданының тұрғынынан оның 14-жасар қызы зорланғаны туралы арыз түскен. Жедел іздестіру шаралары барысында 4 күдікті анықталды. Олардың біреуі 18 жаста, ал қалған үшеуі 17-і жастағы Текелі қаласының тұрғындары болып шықты. Қазіргі таңда ҚР қылмыстық кодексінің 120 бабының 3 бөлігімен қылмыстық іс тергелуде, іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер қамауға алынды», деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.