Аймақтар • 31 Тамыз, 2021

Сібір жарасына байланысты Ақжар ауданы төрт аймаққа бөлінді

700 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақжар ауданында ірі қара мал арасында аса қауіпті сібір жарасы ауруының анықталуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының хатына сәйкес, әкімдіктің қаулысы қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сібір жарасына байланысты Ақжар ауданы төрт аймаққа бөлінді

Қаулыға сәйкес, СҚО Ақжар ауданының аумағы мынадай аймақтарға бөлінсін:

  • эпизоотия ошағы мен «Ак-Ниет-Агро и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі шалғайдағы бір жайылымды қамтитын эпизоотия ошағының шекарасынан 6 (алты) километр радиустағы қолайсыз аймақ;
  • қолайсыз аймақ шекарасынан 3 (үш) километр радиустағы буфер аймағы;
  • Ақжар ауданы Новосельск ауылдық округі Горьков ауылы мен «Ак-Ниет-Агро и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі шалғайдағы бір жайылымды қамтитын буфер аймағының шекарасынан 3 (үш) километр радиустағы бақылау аймағы;
  • Ақжар ауданы Восход ауылдық округі Восход ауылын, Ұялы ауылдық округі Ұялы ауылын, Май ауылдық округі Май ауылын қамтитын бақылау аймағының шекарасынан тысқары қолайлы аймақ.