«Т.есімді ер адам фольга мен ультракүлгін сәулемен жабдықталған қолайлы бұрышта марихуана ыдысын қойып, өсірген. Күдіктінің айтуынша, ол осылай тәжірибе жасаған. Егер сәтті болса, қылмыстық бизнесті жандандыруды жоспарлаған. Бірақ бұл жоспарлар орындалмады, оның заңсыз әрекеті тоқтатылды. Бұл факт ҚР ҚК-нің 300-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу-жедел тобы заттай айғақтарды тәркіледі және сараптамаға жіберді», дейді Медеу аудандық ПБ бастығының орынбасары Елнұр Құдратбаев.
Polisia.kz жазуынша, күдікті бұрын мүліктік және есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.