«Қауіпсіздік Кеңесі Ауғанстаннан кеткісі келетін барлық ауған азаматана немесе шетелдіктерге кез келген уақытта ешқандай кедергісіз әуе немесе құрлық арқылы кетуге мүмкіндік беретін №2593 қарарын қабылдады», деді БҰҰ Ұлыбританияның тұрақты өкілі Барбара Вудворд.
Euronews жазуынша, бекітілген қарарға сәйкес, Ауғанстан бұдан былай лаңкестер үшін трамплин ретінде пайдаланылмауы тиіс. Гуманитарлық көмек көрсету бойынша жұмысты күшейту қажеттілігіне ерекше назар аударылады.