«Ертең, 1 қыркүйекте, сағат 11:00-де ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялайды. Жолдау еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындайды. Іс-шара барлық республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетілетін болады», делінген жазбада.