Қазақстан • 31 Тамыз, 2021

ҚАЗҰУ профессорларының жалақысы 163%-ға өсті

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің озық ЖОО-ларының бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытушы-профессорлар құрамының жалақысы өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚАЗҰУ профессорларының жалақысы 163%-ға өсті

Жаңа оқу жылынан бастап оқытушы жалақысы – 38%, аға оқытушыныкі – 75%, доценттікі – 88%, профессордың жалақысы 163%-ға артты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ЖОО оқытушыларының жалақысын арттыру туралы тапсырмасы аясында, білім ордасының Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаевтың шешімімен оқытушы – 200 000 теңге, аға оқытушы – 280 000 теңге, доцент – 330 000 теңге, профессор 500 000 теңге жалақы алатын болады.

Сондай-ақ ғалым-оқытушылардың жарық көрген оқу құралдары, монографиялары мен кітаптары үшін де сыйақы тағайындау шешімі қарастырылып отыр.

ЖОО басшылығы еңбекақыны өсіру бәсекелестікті арттырып, университетке мықты мамандардың тартылуына жол ашады деген сенімде.

«ҚазҰУ-да жалақының артуымен қатар, оқытушы-профессорлық құрамның кәсіби біліктілігін көтеру, талантты жастарға қолдау көрсету жұмыстары жүйелі жолға қойылуда. Оқытушылық қызметке конкурстық негізде ең білікті әрі білімді мамандар іріктелініп алынады. Бұл шаралар білім беру сапасын арттыруға, оқытушыларды әлеуметтік қолдауға және оқытушы беделін арттыруға бағытталған. Ғалым-оқытушылардың артық жүктемеден арылып, оқу үдерісіне, зерттеу жұмыстарына және сабақтың сапасына көңіл қоюы үшін барлық жағдай жасалуда», деп жазады ЖОО баспасөз орталығы.