Конституция күні қарсаңында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газетінің қызметкерлерінен жасақталған «Атамекен» экспедициясының мүшелері Қарағанды облысын аралап шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Суреттерді түсірген Жанболат Кенжеғұл және Жандос Отызбаев
Қазақ халқының мәдениеті мен тарихын, аймақтардың туристік әлеуетін насихаттау - экспедиция барысындағы басты мақсат. Оқырмандарға экспедиция барысынан фоторепортаж ұсынамыз.
«Егемен Қазақстан» РГ Акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Қамен, «Egemen Qazaqstan» газеті бас редакторының орынбасары Талғат Батырхан, бас газеттің бөлім меңгерушісі Мирас Асан, «Егеменнің» Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі Қайрат Әбілда және «Казахстанская правда» газетінің журналисі Зарина Москау бастаған қос басылымның басқа да қызметкерлерін Қарағанды қаласының кіре берісінен облыс әкімдігінің өкілдері қарсы алды.
«Қарағанды облысы тарихи-мәдени мұраға бай. Біз еліміздің бас басылымдарының өкілдерін, отандық БАҚ көшбасшыларын қасиетті жерде қарсы алғанымызға қуаныштымыз», деді экспедиция қатысушыларын күтіп алған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын. Ұзақ аялдамастан «атамекендіктер» Жаңаарқа ауданына жолға шықты.
Экспедиция мүшелері С. Сейфуллин атындағы Жаңаарқа ауданының кітапханасына бас сұқты. Ол жерде этнограф-жазушы, ардагер журналист Төрехан Майбастың «Құрмалдық» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.
Қарағандыдан қосылған ардагер журналист Төрехан Майбас, Saryarqa apqarat ЖШС директоры Қамбар Ахмет, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Нұржан Ильяшев экспедиция мүшелеріне «Ақселеу биігіне» жол бастап барды. Жиналған топ жазушы Ақселеу Сейдімбектің аруағына құран бағыштап, рухына тағзым етті.
Ақселеу Сейдімбек Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентінің іргесінде жерленген.
Бұдан кейінгі бағыт Жезқазған қаласы болатын.
Бұндағы сапар Жезқазған қаласының әкімімен кездесуден басталды.
Қала әкімі Қайрат Әбсаттаров осы мекеннің тарихын, экономикалық әлеуеті жайлы баяндап берді. Экспедицияның мақсатын маңызды санайтынын жеткізді.
Кездесуден кейін Жезқазған тарихи-археологиялық музейін тамашалаудың сәті түсті.
Жезқазған облыстық тарихи-археологиялық музейі 1978 жылы 10 мамырда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің шешімімен Жезқазған кен-металлургия комбинатының тарихи-өндірістік мұражайының негізінде құрылған.
Осыдан кейін Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде орналасқан Жошы хан кесенесіне барды.
Хан кесенесіне келушілердің қарасы көп.
Кесене маңында Жошы ордасының орны бар.
Кесенеге жақын жерде «Жошы-хан» тарихи-мәдени кешені салынған. Журналистер кешен ғимаратын аралап, көрді.
Заманауи кешен алыс-жақыннан келетін туристер үшін қолайлы болмақ.
Экспедиция әрі қарай Алаша хан кесенесіне барды.
Мұнда да келушілер қатары көп.
Түс ауа «Атамекен» экспедициясы Ұлытау ауданына атбасын тіреді. Аудан әкімі бастаған топ сапар шеккен топты арнайы күтіп алды. Саяхатшылар Ұлытау» музей-қорығын аралап, өлкенің тыныс-тіршілігімен танысты. Тарихи жәдігерлерді тамашалап, түрлі деректерді естіді.

Маймылшешек ауруы тарала бастады
Әлем • Бүгін, 21:10
Өзен-көлдердегі бөгеттер жойылды
Әлем • Бүгін, 21:09
Жаһандық жылынудың салдары ауыр
Экология • Бүгін, 21:07
Қонаев қаласында өткен кездесулер
Аймақтар • Бүгін, 21:04
Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан: Саясаттану ғылымының алдында ауқымды міндеттер тұр
Қазақстан • Бүгін, 20:57
ТМД елдерін күш біріктіруге шақырды
Қазақстан • Бүгін, 20:56
Үкімет • Бүгін, 20:54
Спорт • Бүгін, 20:53
Жеңілдетілген автонесие: Алғашқы көлік берілді
Қоғам • Бүгін, 20:50
Жастар қалауы – жарқын келешек
Референдум-2022 • Бүгін, 20:48
Жер телімін алуға жеңілдік баспана мәселесіне басалқы болар еді
Қоғам • Бүгін, 20:47
Референдумды қолдауға үндеу жасады
Референдум-2022 • Бүгін, 20:45
Референдум-2022 • Бүгін, 20:43
Аймақтар • Бүгін, 20:41
Жетісу жолдары қашан жақсарады?
Қоғам • Бүгін, 20:40
Ulttyq ónim – отандық өндірушілерге ортақ алаң
Қазақстан • Бүгін, 20:38
Экожүйе инвестициялық климатты жақсартады
Бизнес • Бүгін, 20:36
Бизнеске қысым көрсетуді доғару қажет
Бизнес • Бүгін, 20:35
Пікір • Бүгін, 20:33
Ел назарында – «Екінші Республика»
Қазақстан • Бүгін, 20:32
Зұлмат жылдар жаңғырығы – «Ақ боз үй»
Кино • Бүгін, 20:29
Спорт • Бүгін, 20:26
Қазақстандық теннисшілер халықаралық жарыстарда жеңіске жетті
Теннис • Бүгін, 20:24
Тарих • Бүгін, 20:23
Еліміздегі әскери оқу орындарында даярлық бағдарламалары қайта қаралады
Қазақстан • Бүгін, 19:44
Су ресурстарын басқарудың жеке мемлекеттік органы құрылмайды
Үкімет • Бүгін, 19:26
Талдықорған-Үшарал жолын су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 18:49
Үндістанның Ассам штатында су тасқынынан 18 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 18:32
ШҚО-да егіс алқабы 14,6 мың гектарға артты
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Елімізде «Дебют» шығармашылық бірлестігі қайта құрылады
Өнер • Бүгін, 17:30
Оралда бағанға соғылған Toyota жүргізушісінің халі ауыр
Оқиға • Бүгін, 16:45
Бүгін Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан мен Германия ойнайды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Алматы облысында екі жасар сәби суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылым жерлерін бөлудің жаңа тетігін әзірлеуде
Қоғам • Бүгін, 15:27
Оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты
Білім • Бүгін, 14:47
Елімізде КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны өсті
Коронавирус • Бүгін, 14:30
Қырғыз-өзбек шекарасында жүк көлігі 8 адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 13:45
Автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Жан Кособуцкий WBC титулы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті
Бокс • Бүгін, 12:45
Оралда жол апатынан 20 жастағы қыз көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Ұқсас жаңалықтар