Тоқсаныншы жылдардың соңында отандық тұқым шаруашылығының жағдайы өте ауыр болғаны белгілі. Алқаптардың басым бөлігіне сапасыз тұқым егілді, тұқым өндірушілердің ортақ желісі болмады, жоғары репродукциялы тұқым өндіру көлемі өте аз еді. Сол себепті 2000 жылдан бастап мемлекет тұқым шаруашылығы саласының жай-күйін жақсарту жөнінде түбегейлі шаралар қабылдады.

Думан АНАШ,
«Egemen Qazaqstan»
Ең алдымен, тұқым нарығына қатысушылардың қызметін реттеу бойынша заңнамалық база әзірленді. Мәселен, 2003 жылғы 8 ақпанда «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Аталған заң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды, сондай-ақ тұқым шаруашылығы жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын өндіруді, дайындауды, өңдеуді, сақтауды, тасымалдауды, өткізуді және пайдалануды мемлекеттік бақылау мәселелерін реттеуге бағытталған.
Қазіргі уақытта республика бойынша 216 аттестатталған тұқым өндіруші жұмыс істейді.
2003 жылдан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егуіне арналған тұқымдардың сапасын сараптау жөніндегі бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылуда. Нәтижесінде, кондициялық тұқымдардың үлесі 2001 жылғы 53%-дан 2021 жылы 100%-ға дейін, 1-2 сыныпты тұқымдардың үлесі 37%-дан 90%-ға дейін өсті. Сондай-ақ тұқым шаруашылығын субсидиялау енгізілді, бұл бастапқы және элиталық тұқым шаруашылығын дамытуға оң әсер етті, гибридтердің тұқымдарын өндіру енгізілді.
Қабылданған шаралар тұқым шаруашылығы саласындағы өндірістік көрсеткіштердің елеулі өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Мәселен, 2021 жылдың егінінен 121,6 мың тонна элиталық тұқым өндірілді, бұл 2001 жылмен салыстырғанда 2,6 есе көп (47,1 мың тонна).
Отандық өндіріс тұқымдарының сапасын арттырудың негізгі факторы техникалық жарақтандыру екенін ескере отырып, тұқым өсіру шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасын қайта жарақтандыру жөнінде шаралар қабылданды.
2018-2019 жылдары Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының 12 еншілес ұйымы үшін ҰАҒБО жарғылық капиталын ұлғайту жолымен жалпы сомасы 12,2 млрд теңгеге 1 163 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығы сатып алынды.
2019 жылдан бастап инвестициялық субсидиялау шеңберінде Еуропа елдері өндірісіндегі селекциялық-тұқым шаруашылығы техникасы мен тұқым тазалау-сұрыптау жабдығын сатып алуды субсидиялау (25%) енгізілді, 2020 жылдан бастап ТМД елдері мен Украинаның тұқым тазалау-сұрыптау жабдығын субсидиялауды қосу арқылы техника тізбесі кеңейтілді.
Қабылданған шаралар өсімдік шаруашылығындағы барлық бағыттар бойынша мемлекеттік қолдау көрсету, сондай-ақ тұқым өсіру шаруашылықтарының бәсекеге қабілетті тұқым өндіруге бағдарлануы нәтижесінде соңғы бес жылда тұқым өндірушілердің егіс техникасымен қамтамасыз етілу пайызының 70%-дан 89,4%-ға дейін, егін жинау – 80%-дан 92%-ға дейін, тұқым тазартқыш 63%-дан 81,4%-ға дейін өскені байқалады. Бұл ретте тұқым өндірушілердің материалдық-техникалық базасын жаңартудың өсу қарқыны соңғы жылдарда арта түсті. Осылайша, республиканың барлық аймағында заманауи тұқым тазарту кешендерімен жабдықталған алдыңғы қатарлы тұқым шаруашылықтары бар. Қазіргі заманғы тұқым тазарту желілері 28 тұқым өндіруші де бар.
10 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:46
«Восточный» көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 10:37
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде бір саты төмендеді
Спорт • Бүгін, 10:25
Қытай мен Өзбекстанға рейстер саны артты
Қазақстан • Бүгін, 10:17
Қазақстандықтардың орташа жалақысы 312 мың теңгеден асты
Қаржы • Бүгін, 10:07
Қазақстан мен Түрікменстан арасында көпір бой түзеді
Әлем • Бүгін, 10:00
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:55
Алматы облысында әскери қызметкер қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 09:42
Шөптегі хоккей: Қазақстан құрамасы Сингапур спортшыларын ұтты
Спорт • Бүгін, 09:37
Қашағанда мұнай қайта өндіріле бастады
Аймақтар • Бүгін, 09:25
Бүгін – Абай Құнанбайұлының туған күні
Абай • Бүгін, 09:18
Елімізде 2389 адам індеттен жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Тағы 1650 қазақстандық індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Үздіктер қатарынан шығып қалды
Спорт • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:40
Торонтода табысқа жете ала ма?
Теннис • Бүгін, 08:39
Халықаралық олимпиада жүлдегері
Білім • Бүгін, 08:37
«EcoQolday» қатысушыларына төлем жүргізіп жатыр
Қоғам • Бүгін, 08:35
13 қызметті автоматтандыру жоспарланған
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Теннис • Бүгін, 08:32
85 миллион теңгеден астам берешегін қайтарған
Қоғам • Бүгін, 08:30
Қазақстан • Бүгін, 08:27
Колумбия үлкен өзгеріс қарсаңында тұр
Әлем • Бүгін, 08:25
Ақсақалдар кеңесі Бішкекте бас қосты
Саясат • Бүгін, 08:23
Абай күні кең көлемде атап өтілуде
Абай • Бүгін, 08:20
Аймақтар • Кеше
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Технология • Кеше
Ұқсас жаңалықтар