Білім • 01 Қыркүйек, 2021

Аймағамбетов биылғы оқу жылының ерекшелігі туралы айтты

864 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл министрдің қатысуымен білім күнімен құттықтау шарасы Ақмола облысы Қосшы қаласындағы №2 орта мектеп оқушыларына бұйырды. Аталған мектепте 4886 оқушы бар. Оның ішінде 635 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттап отыр, деп хабарайды Egemen.kz.

Аймағамбетов биылғы оқу жылының ерекшелігі туралы айтты

«Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар. Білім күнімен құттықтаймын. Пандемияға байланысты 1,5 жылдай қашықтан оқуға тура келді. Биылғы оқу жылын дәстүрлі түрде оқудың сәті түсті. Жалпы ел бойынша 7500 мектепте 3 млн 600 бала жаңа оқу жылын бастап отыр. 1 қыркүйек, әсіресе мектеп табылдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндер үшін ерекше. Қашықтан оқу білім алу процесінің маңызы мен ондағы мұғалімнің рөлін айқын көрсетіп берді. Біздің ұстаздар пандемияға қарамастан онлайн форматқа тез бейімделіп балаларымызға білім берді. Биылғы оқу жылының тағы бір ерекшелігі, 1 сыныпқа Әліппені қайтарып отырмыз. Әліппенің негізі ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесіне сай қаланған. Бұл бұрыннан бар дүние, біз оны жаңғыртып отырмыз. Осылайша еліміздегі барлық бүлдіршіндер алғаш рет Әліппені қолдарына ұстап отыр. Жаңа оқу жылы табысты болсын», деді А.Аймағамбетов салтанатты шарада.

Сондай-ақ, еліміздің бас ұстазы 1 сынып оқушыларына «Әліппе» оқулығын табыс етті.

Айта кетсек, биыл алғашқы қоңырау шарасы ел көлемінде эпидахуалға байланысты тек 1 сынып оқушыларының қатысуымен өтіп жатыр.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025