Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерінен Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі есірткі сақтап жүргені жөнінде хабарлама келіп түскен.
Осы ақпарат бойынша ТО ПД ЕҚҚІҚБ мен аудандық полицейлердің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, аса ірі көлемде есірткі сақтаған күдікті ұсталды. Жедел уәкілдер Келес ауданының тұрғынының үйін тінту кезінде оның мал қорасынан ерекше хош иісі бар есірткіге ұқсас өсімдік затын тауып, сараптамаға жіберді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған есірткінің жалпы салмағы 1,5 келіге жуық “кептірілген марихуана” болып шықты.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Қазіргі уақытта есірткіні заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Келес АПБ-нің тергеушілері оқиғаның мән-жайын және күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтайды. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері есірткіні заңсыз сақтап, таратқаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.