«Төтенше жағдайды жою басшысы болып Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев тағайындалды», делінген хабардамада.
Айта кетейік, 26 тамызда әскери бөлім аумағында өрт шығып, оқ-дәрі қоймасында жарылыс болып, салдарынан 15 адам қаза тапты. 90-ға жуық адам жарақат алды. 100-ден аса жылжымайтын мүлік бүлінген.