Президент • 01 Қыркүйек, 2021

Президент биологиялық қауіпсіздікті болжаумен айналысатын ұлттық жүйе құруды тапсырды

261 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында елдің биологиялық қауіпсіздігін болжаумен айналысатын ұлттық жүйе құруды тапсырды, деп жазады Egemen.kz.

Президент биологиялық қауіпсіздікті болжаумен айналысатын ұлттық жүйе құруды тапсырды

«Елімізде вакцина қоры жеткілікті. Азаматтардың таңдау мүмкіндігі бар. Көптеген мемлекеттердің бұған қолы жетпей отыр. Елімізде жаппай екпе жүріп жатқанымен, қоғамда бұған қарсы адамдар әлі де көп. Олар өздері бас тартып қана қоймай, халықты кері үгіттеуде. Соның кесірінен қаншама жұртты адастыруда. Мұндай адамдар өзінің ғана емес, өзгенің өмірі үшін де жауап беретінін түсінуге тиіс. Сондықтан екпе алуға қарсы үгіттеп жүргендердің жетегінде кетпеген жөн.

Адамзат көптеген індетті бастан өткерген. Вакцина пайда болғаннан кейін ғана қауіпті індеттерге тосқауыл қойылғанын ұмытпауымыз керек.  Алдағы уақытта әлемде коронавирустың жаңа штаммдары шығуы мүмкін. Сарапшылар басқа да індеттер пайда болатынын айтуда. Біз оның қашан болатынын  күтіп қара отыра алмаймыз. Осындай жағдайда өмір сүріп, әрі қарай дамуға бейімделуіміз керек. Қазір ертерек вакцинаны сатып алу өте маңызды. 

Сонымен бірге бүкіл денсаулық сақтау саласын тұрақты екпе алу жүйесіне дайындаған жөн.

Еліміздің биологиялық қауіпсіздігін болжаумен айналысатын ұлттық жүйе құрылуға тиіс. Бұл шара тиісті заң жобасында қарастырылған. Парламентке осы заң жобасын қазіргі сессияның соңына дейін қабылдауды сұраймын.

Медициналық сараптама жасайтын көптеген зертханамыз халықаралық стандартқа сай емес, «Дені сау ұлт» жобасы бойынша кемінде 12 зертхананы жоғары технологиялық құралдармен жабдықтау қажет. Соның арқасында зертханаларымыз 90 пайызға дейін халықаралық талапқа сай жұмыс істейтін болады», деді Президент.

Соңғы жаңалықтар