«Стресті активтерді төмендету бойынша жұмыс істеу керек. Біз мемлекет банкирлерге көмектеспеуі керек деген шешім қабылдадық. Оған қоса, тұрған активтерді экономикалық айналымға қосу керек. Ол нарық негізінде жүзеге асырылуы керек. Ол үшін заңнамалық негіз керек. Үкімет пен Қаржылық реттеу агенттігімен бірлесіп жыл соңына дейін Парламентке заң жобасын енгізуі керек», деді Мемлекет басшысы.