Айта кетейік, қазақстандық құрама іріктеу сатысында D тобында сынға түседі. Қарсыластары - Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия.
Қазірге дейін ұлттық құрама екі ойын өткізді. Алғашқысында өз алаңында Франциядан 0:2 есебімен жеңілсе, одан кейін сырт алаңда Украинамен 1:1 есебімен тең түсті. Алғашқы кездесуде Украина құрамасының бас бапкері қызметін Андрей Шевченко атқарған еді. Енді ол қызметке Александр Петраков тағайындалды.
Турнир кестесінде қазақстандықтар бір ұпаймен бесінші орында тұр. Көш басында жеті ұпаймен Франция келеді. Екі құрама бұған дейін бес мәрте кездесті. Оның төртеуінде украиндар жеңіске жетсе, біреуінде тең нәтиже тіркелді.
Бүгінгі кездесуге карантин талабына байланысты жанкүйерлер шектеулі мөлшерде стадионнан тамашалай алады. Ойын елорда уақытымен 20.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Кездесуде литвалық Донатас Румшас бас қазы қызметін атқарады. Оған отандастары Александрас Радюшас пен Довидас Сужиделис көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де литвалық Робертас Шмитас.
Қазақстан құрамасы бұдан кейін сырт алаңда 4 қыркүйекте Финляндиямен кездессе, 7 қыркүйекте Босния және Герцоговинамен щеберлік байқасады.