Бейсенбі күні, 2 қыркүйекте, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралады.
«Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар», деп жазады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.