Оқиға • 01 Қыркүйек, 2021

ШҚО-да жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып қалды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Семей» тасжолында жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz  ШҚО Полиция департаментінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ШҚО-да жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып қалды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 31 тамызда сағат 18.20-да болған.

Алдын ала мәлімет бойынша «ВАЗ» маркалы автокөлікті тізгіндеген азамат алдында келе жатқан көлікті басып озамын деп қарсы бағытқа шыққан. Алайда рульге ие бола алмай қалған ол қарсы бағыттағы жол жиегінде тоқтап тұрған КамАЗ-ға соғылды. Жол апаты «Өскемен-Семей» тасжолының 7-ші шақырымында болды», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы түрлі дәрежеде дене жарақаттарын алған. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның толықтай мән-жайын анықтап жатыр.