Руханият • 01 Қыркүйек, 2021

Тамырсыз идеялар белең алып жатыр - Президент

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында зиялы қауымды ел болашағына әсер ететін әрбір мәселеден шет қалмауға шақырды, деп жазады Egemen.kz.

Тамырсыз идеялар белең алып жатыр - Президент

«Ұлт тағдыры сынға түскен сәтте көзі ашық азаматтар әрдайым көш бастаған. Адасқанға жөн сілтеп, жастарға бағыт-бағдар берген. Ел ағалары бір ауыз сөзбен тентегін тыйып, тектісін төрге оздырған. Біз қанымызға сіңген осы қасиеттен айрылмауымыз керек», деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазір – ғаламтор дәуірі. Ондағы бей-берекет ақпарат тасқыны ұрпақтың санасын улап, бір сәттік танымалдықты көксейтін тамырсыз идеялар жаппай белең алып жатыр.

«Бұл – аса қатерлі үрдіс. Дәл осы кезеңде ұлт зиялыларының ұстанымы және белсенділігі айрықша маңызды. Зиялылардың еңбегі марапатымен емес, салиқалы сөзімен және нақты ісімен бағаланады. Басты міндет – жалпы адамзатқа ортақ қастерлі құндылықтарды жастардың бойына сіңіру. Отаншылдық, білімге құштарлық пен еңбекқорлық, бірлік пен жауапкершілік сияқты қасиеттер дәріптелуі керек. Сондықтан, зиялы қауымды ел болашағына әсер ететін әрбір мәселеден шет қалмауға шақырамын», деді Қ.Тоқаев Жолдауында.

Соңғы жаңалықтар