Қоғам • 01 Қыркүйек, 2021

Жаралыстан қаза тапқан әскери прокурордың отбасына мемлекеттік награда тапсырылды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Бас прокуратурада Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы жарылыс кезінде қаза тапқан Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры Арман Қуанышұлы Қапезовті еске алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаралыстан қаза тапқан әскери прокурордың отбасына мемлекеттік награда тапсырылды

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Іс-шараға прокуратура қызметкерінің анасы - Ділда Қапезова, жұбайы - Әсемгүл Қапезова, балалары, жақын туыстары, сондай-ақ Бас прокуратура ұжымы қатысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ғизат Нұрдәулетов Ділдә Қапезоваға I дәрежелі «Айбын» орденін тапсырды. Оның ұлын қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін қайтыс болғаннан кейін марапаттаған болатын.

Әскери прокурордың анасына ұлын және нағыз офицерді лайықты тәрбиелегені үшін алғыс білдірді. Өз кезегінде, Қапезовтер жанұясы жақындарын жоғары наградамен марапаттағаны үшін Президентке ризашылық білдірді.

Бас Прокурор өз сөзінде Арман Қапезовтің прокуратура жүйесінде 24 жыл жұмыс істеп, жауапкершілігі мол және білікті басшы болғанын, өзінің әскери борышын соңына дейін абыроймен орындағанын атап өтті.

Марқұмның туыстарына арнаған сөзінде Ғ.Нұрдәулетов прокуратура органдары оның отбасын қолдауға қажетті барлық шараларды қабылдайтынын жеткізді.

Ол Арман Қапезовтің ерлік істері болашақ ұрпақ үшін, ең алдымен, прокуратураның жас қызметкерлері үшін әрдайым үлгі болатынын ерекше атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025