Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Келіссөздер барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
Атап айтқанда, олар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту жөнінде пікір алмасты. Министрлер алдағы жылы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған іс-шараларды бірлесіп үйлестіруге келісті.
Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.