01 Мамыр, 2010

АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

989 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай Астанадағы Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің клиникалық ауру­хана­сында соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Соғыс ардагерлері емделетін ауру­ханаға жиналған көпшілік алдында сөз сөйлеген ҚР Ардагер­лер кеңесінің төрағасы Қайырбек Сүлей­менов Ұлы Жеңістің мән-мағынасына тоқтала келіп, ара­мызда жүрген ардагерлерге тағзым ете, оларға “Ұлы Отан соғысы жеңісіне 65 жыл” медалін табыс етсе, Халық Қаһарманы, генерал лейтенант Бақытжан Ертаев соғыс ардагерлерін ұлы мерекемен құттықтап, ауруханаға Абылайхан, Бөгенбай, Қабанбай сияқ­ты ұлы тұлғалар бейнеленген суретті сыйға тартты. Бұдан кейін жұртшылық “Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран” атты майдангер қаламгерлер шығармалары мен соғыс тақырыбына жазылған туын­­дыларға арналған көрмені тама­ша­лады. Ал Астана мемлекеттік мұра­ғатынан әкелінген “Ері елге сенген, елі ерге сенген” атты көрмеге соғыс жыл­дары жарық көрген газет-журнал­дар мен сол кездердегі әскери өмірден сыр шертер іс-қағаздар қойылыпты. Сондай-ақ мерекелік басқосуда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері салған – соғыс кезеңі, батыр тұлғалары бейне­ленген суреттер көрмесінің тұсаукесері болып, осында әкелінген үздік 65 жұмыс Ұлы Жеңістің 65 жылдығы құрметіне ауруханаға сыйға тартылды. Берік САДЫР.