Президент • 02 Қыркүйек, 2021

Ауыл шаруашылығына – айрықша маңыз

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген мәселелер мен берген тапсырмалардың ішіндегі ең өзектісі – ауыл шаруашылығын субсидиялау мәселесі.

Ауыл шаруашылығына –  айрықша маңыз

«Біздің аграрлық саясатымызда сабақтастық болмай отыр. Ми­нистр ауысса, саланың саясаты да өзгереді. Мұндай жағдайда шар­уа­ларға адал жұмысты жоспар­лау қиынға түседі. Бірыңғай негізгі бағыт болуы қажет. Соған сәйкес суб­си­дия­лау тәсілдерін қайта қарап, тұ­рақ­тандыру керек», деді Президент.

Өкінішке қарай, бұл салада түйткілдер көп. Бір жағынан сыбайлас жемқорлықтың салдарынан мемлекеттен бөлінген қаражат қарапайым диқандарға, ауыл тұрғындарына жетпей жатады. Мәселен, агроөнеркәсіп кешеніне қатысты қозғалған қылмыстық істердің жартысынан астамы субсидияны талан-таражға салуға байланысты болып отыр екен. Мемлекет басшысы айтқандай, бұған жол беруге болмайды.

Бұл мәселені бұрыннан көте­ріп келе жатырмыз. Биылғы қуаң­­шылық­тан кейін, су тапшы­лы­ғы туын­даған соң мал шаруа­шы­лы­ғы­мен, диқаншылықпен айна­лыса­тын кәсіпкерлер үлкен проб­ле­ма­­ларға кездесіп отыр. Сон­дық­­тан оларға субсидия беруге ере­кше назар аударуымыз керек. Өйт­кені ауыл шаруашылығына қаже­тті тех­никаның көбі ескірген. Оны жа­ңар­­туды қарапайым шаруалар­дың қал­тасы көтере бермейтіні белгілі.

Жолдауда басқа да өзекті, маңыз­ды тапсырмалар берілді. Мыса­лы, қызметкерлердің жала­қы­­сын көтеру, кәсіпкерлерге жеңіл­­дік беру секілді қоғам үшін маңызды міндеттер бар.

 

Азат ПЕРУАШЕВ,

Мәжіліс депутаты