Ақтөбе қаласында кеше 6 мектепте алғашқы қоңырау салтанаты өтпеді. Полиция қызметкерлері мен саперлар жедел қимылдап, іздеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге қылмыстық іс те қозғалды. Алайда бүгін тағы да бірінші кезеңде оқитын балалардың сабағы болмай қалды.
Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, тағы да «№2, 1, 2, 21, 22, 51, 56 орта мектептерде бомба бар» деген хабарлама түсіп, іздеу шаралары жүргізілді.
«Кешегі мектептерге сондай мәтінмен ертемен тағы да хат түсті. Тиісті органдарға хабарлама бердік. Тексеру шаралары жүргізілуде», деп жазылған басқарма таратқан хабарламада.