Аттестаттау барысы департамент бастығының бірінші орынбасары – штаб бастығы подполковник Тауыржан Смағұловтың төрағалығымен офицерлер құрамының моральдық және психологиялық қасиеттерін зерделеу, сондай-ақ әскери қызметті регламенттейтін заңнама ережелерін, жалпы әскери жарғыларын және лауазымдық міндеттерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы білуімен қатар, кәсіби және дене дайындығынан сынақтар тапсыруы бойынша тиісті деңгейде ұйымдастырылды.
«Аттестаттаудан өтудің негізгі міндеттері әрбір офицердің кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін, әлеуетті мүмкіндіктерін, оның атқарып отырған лауазымға сәйкес келуін анықтау, сондай-ақ жетілдіру мен нығайтуды қажет ететін офицерлер корпусының осал тұстарын айқындаудан тұрады. Сонымен бірге, аттестаттау жаңа анағұрлым күрделі кәсіби тапсырмаларға әзір әскери қызметшілердің әрі қарайғы мансаптық өсуіне жаңа перспективалар ашады», деді Смағұлов.
Еске салайық, еліміздің Қарулы Күштеріндегі аттестаттау міндетті түрде үш жылда бір рет ұйымдастырылады. Оған барлық санаттағы офицерлер құрамы қатыстырылады.