Қоғам • 02 Қыркүйек, 2021

Онлайн санақ: Қазақстандықтар қандай қиындыққа тап болды

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір тәулікте 32 мыңнан аса қазақстандық ұлттық санаққа онлайн форматта қатысты. Алайда олардың кейбіреуі деректерін толтыру кезінде қиындықтарға тап болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Онлайн санақ: Қазақстандықтар қандай қиындыққа тап болды

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Ведомство өкілдері ұлттық халық санағы 1 қыркүйекте басталғанын еске салды. Соңғы мәліметтер бойынша, sanaq.gov.kz сайтында 28 382 адам сауалнамаға жауап берді. Тағы 3528 қазақстандық еgov порталындағы сайт сілтемесін пайдаланған. Ал 512 адам санақ сұрақтарына Aitu қосымшасы арқылы жауап берді.

«Адамдарда онлайн-сауалнамадан өту рәсіміне қатысты бірқатар сұрақтар туындады. Атап айтқанда, кейбіреулер тұрақты мекен-жайын толтыру кезінде қиындықтарға тап болды. Сұхбаткер көше атауының алғашқы әріптерін енгізуі керек, содан кейін жүйе автомат түрде ұқсас нұсқаларды шығарады.

Бірінші әрекеттен қажетті мекенжай табылмаса, қазақ және орыс тілдерінде түрлі нұсқада теріп көру қажет. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласындағы Жеңіс көшесі. Егер адам Жеңіс деп терсе, жүйе қажетті мекенжайды шығармайды. Себебі көше атауында қазақ тіліне ғана тән әріп бар. Айта кетейік, тұрғылықты мекенжайды толтырғанда, көше атауының Мекенжай тіркелімінде қалай көрсетілгенін ескеру қажет», деді бюроның баспасөз қызметіндегілер.

Ұлттық статистика бюросы адамдарды санаққа онлайн режимінде қатысуға шақырады. Sanaq.gov.kz сайты 15 қазанға дейін тәулігіне 24 сағат қолжетімді. Барлық сұрақ бойынша Call-орталыққа 1446 нөмірі бойынша хабарласуға болады (қоңырау шалу тегін).

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025