«Адамдар теміржолға жақын маңда мал жаю ережесін сақтамайды. Бұл қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді», дейді «ҚТЖ» Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шәкенов.
Осыған байланысты жыл сайын теміржол бойын малдан қорғау үшін 800-1000 шақырым қоршаулар орнатылады. Биыл теміржолшылар темір жолдың жанында орналасқан 47 мыңнан астам елді мекен тұрғынын қауіпсіздік ережесімен таныстырды.
ҚТЖ теміржол бойында қараусыз жайылып жүрген мал үшін айыппұл қарастырылғанын, сонымен қатар, мал иелері пойыз қозғалысына кедергі келтіргені және жылжымалы құрамға зиян келтіргені үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін еске салады.