Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2021

Алматыдағы Төле би көшесі ішінара жабылады

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы Төле би көшесі ішінара жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы Төле би көшесі ішінара жабылады

Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, 2021 жылдың 2,3 және 4 қыркүйекте Төле би көшесінде Б. Момышұлы көшесінен Яссауи көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеледі. «Жол жөндеу жұмыстары түнгі уақытта жүргізіледі. Төле би көшесі түнгі сағат 23:00-ден таңғы сағат 08:00-ге дейін ішінара жабылады. Келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұраймыз», деп хабарлады басқармадан.

Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.