Қоғам • 03 Қыркүйек, 2021

Егін алқаптарының 50 пайызға жуығы жиналды

766 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы 23 млн гектарды құрады. Бұл көлем 2020 жылмен салыстырғанда 322 мың гектарға артық, деп хабарлайды Egemen.kz.

Егін алқаптарының 50 пайызға жуығы жиналды

«Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 16,1 млн гектар (оның ішінде бидай – 12,9 млн га), майлы дақылдар-3,1 млн гектар, көкөніс және картоп – 473,8 мың гектар, мақта – 109,7 мың гектар, қант қызылшасы – 21,7 мың гектар, жем-шөп дақылдары 3,2 млн гектар алқапта орналастырылды.

Биыл егін жинау науқаны уақтылы басталды және бүгінде ел бойынша барлығы 7,9 млн гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе жалпы жинау алаңының 49,4 пайызы жиналды», - делінген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінде. Ағымдағы орташа өнімділік гектарына 8 центнер құрап, 6,3 млн тонна астық бастырылды.

Егін жинау жұмыстары басталатын уақытқа ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер барлық қажетті техниканы дайындаған. Жалпы, егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін республикада 141,7 мың трактор, 73,5 мың трактор тіркемесі, 36,9 мың астық жинайтын комбайн, 12,8 мың дестелегіш бар.

Республикада астықты сақтаудың жалпы сыйымдылығы 28,8 млн тонна, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында 12 млн тонна, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде 16,8 млн тоннаны құрайды.

Көрсетілген сақтау сыйымдылығы өткен жылдан қалған астық көлемдерін ескере отырып, жаңа егінді сақтау үшін жеткілікті.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025