Елорда • 03 Қыркүйек, 2021

Елордадағы «Атырау» көпірі халықаралық сәулет байқауында үздік үштікке енді

753 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Атырау» көпірі жобасы халықаралық байқаудың финалисі атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордадағы «Атырау» көпірі халықаралық сәулет байқауында үздік үштікке енді

Жуырда архитектура туралы ArchDaily сайты мен Strelka институты бірігіп ArchDaily&Strelka Award 2021 аталымына дауыс беру басталғанын хабарлады. Байқаудың үш финалисі белгілі болды. Олардың ішінде астанада салынған «Атырау» көпірі де бар.

Байқауға салынғанына мерзімі 5 жылдан аспаған жобалар қатысты. Бірінші тур нәтижесі бойынша 15 жоба байқаудың шорт-парақшасына ілінген болатын. Қазақстан атынан қатысқан жобаның авторы –  «Урбанистика орталығының» жетекшісі, урбанист, сәулетші - Асхат Сәдуов.

Атап өтейік, астананың 20 жылдық мерейтойына Атырау облысы елорданың оң және сол жағалауларын жалғайтын көпір салып берді. BI Group компаниясы оның құрылысын 181 күнде аяқтады. Нысанның жалпы ұзындығы – 313,5 метр, ені – 10,5 метр.