Медициналық орталықта массаж алуға барған алматылық Мағзума Қазбекова өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы КТК телеарнасы мәлімдеді.
Әйел медициналық орталық қызметкерлері қоңырау шалып қоймағасын сол жаққа барғанын айтады. Ондағылар кейбір қызмет түрлері тегін деп қызықтырған.
Оң жамбасы оңбай күйіп қалған Мағзума Қазбекова сол күнді қорқынышпен еске алады. Орта жастағы әйел медициналық орталық қызметкерлері қоңырау шалып қоймағасын сол жаққа барғанын айтады. Ондағылар кейбір қызмет түрлері тегін деп қызықтырыпты. Соңында ақшасы жоқтығын айтқан клиентті 300 мың теңгеге жуық кредит рәсімдеуге көндірген. Зардап шеккен әйел бірінші күні емдік шаралар ойдағыдай өтті дейді. Алайда ертесіне арқасына банкі қойып, отты массаж жасағанда өртеніп кете жаздадым деп мұң шағады.
«Бәрі екі-үш секунд ішінде болды. Ысып кетті ме деп едім, ана бала астымдағы төсек жайманы басып жіберді. Мен "Ойбай!" деп, жұлмалай бастадым. Артымдағы банкілерді итеріп-итеріп тастады. Массаж алуға келгенмін. Енді, міне, денем күйіп қалды», дейді Қазбекова.
Оған алғашқы көмек дұрыс көрсетілмеді. Жалма-жан таныс заңгерін шақырған ол үйіне өз күшімен әрең жетіпті. Кейін анықталғандай, массаж жасайтын маман спирт төгіп алып, соның кесірінен от тұтанған. Ал медициналық орталық мамандары кешірім сұраған да жоқ.
«Басында маман бүкіл шығыныңызда мойныма аламын деп айтты. Енді бәрі біткеннен кейін шамам келмейді дейді», деп атап көрсетті зардап шеккен әйел.
Медициналық орталық басшылығы қызметкерлердің қателігін кеш естідік деп ақталғаннан басқа мардымды жауап қатпаған көрінеді. Ал сол күнгі сорақылыққа куә болған заңгер адамгершіліктен аттаған клиниканың кемшілігін келісімшарттан көріп отыр.
«Келісімшартта медициналық орталық өзінің ғана пайдасын ойлап жазған», дейді заңгер Алмас Күнгейбаев.
Ал орталық өкілдері ісіне салғырт қараған қызметкердің жұмыстан уақытша шеттетілгенін айтады. Шығынды өтеуге әзірміз деп ақталғандар келіспеушілік клиенттің өзіне байланысты дейді.
«Клиентіміз күйік алған. Оны мойындаймыз. Кешірім сұраймыз. Моральдық-материалдық шығынын өтеуге толығымен дайынбыз. Біздің клиент ресми түрде бізге хабарласқан жоқ», деді «Venus medikal kz» ЖШС ресми өкілі Руслан Мұқанов.
Медициналық орталықтан көңілі қалған Мағзума Қазбекова полицияға арызданыпты. Моральдық және материалдық шығынды өтеп беруді талап еткен әйел барлығын сот арқылы шешпек.
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Спорт • Бүгін, 13:49
Ақмола облысында қатты жел мектеп пен тұрғын үйлердің шатырын ұшырды
Аймақтар • Бүгін, 13:37
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 12:48
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 11:40
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар