Аstanatv.kz хабарлауынша, жәбірленуші 14 жаста. Жедел іздестіру жұмыстары кезінде төрт күдікті анықталды. Олардың үшеуі 17 жаста, біреуі 18 жаста.
«Қазіргі уақытта ҚР ҚК 120-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды», дейді Алматы облысы ІІД ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.
Егер кінәсі дәлелденсе, күдіктілер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.