Әлем • 03 Қыркүйек, 2021

Жапонияның премьер-министрі қызметінен бас тартты

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен осы айда партия лидері болып қайта сайланбайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жапонияның премьер-министрі қызметінен бас тартты

Суга мырза бұл қызметке бір жыл бұрын Синдзо Абэнің отставкасынан кейін тағайындалған болатын. 

Жапония - әлі де төтенше жағдай режимінде. Қазір коронавируспен барынша күрес жүруде. 

1,5 миллионнан астам халқы вирус жұқтырған елде вакцинация қарқыны баяу. Пандемияның шиеленісуіне қарамастан, Олимпиада ойындарын биыл өткізу туралы шешім де халық наразылығын тудырған еді. «Бүгінгі жиналыста Суга мырза өзінің күш-жігерін коронавирусқа қарсы шараларға пайдаланғысы келетінін және лидерлік сайлауға қатыспайтынын айтты», деді Суга мырзаның Либералды-демократиялық партиясының (ЛДП) бас хатшысы.

«Шынымды айтсам, мен таң қалдым. Ол қолынан келгеннің бәрін жасады. Ёшихидэ Суга ұзақ ойлана келе осындай шешімге келді», деді ол.