Қазір Өзбекстан мигранттарын жыл соңына дейін іріктеп, вакцина салдыру, Ресейге жеткізу мәселесі қаралып жатыр. Стасишиннің пікірінше, ең қауіпсіз жол ретінде Қазақстан арқылы пойызбен жеткізу қарастырылған.
Мигранттар Ресейге наурыз айынан бастап тек ұшақпен бара алатын. Жұмыс берушілер оның қымбатқа түсетініне шағымданған. Еңбек мигранттарының жетіспеуінен ауыл шаруашылығында жеміс-жидектің 20 пайызы жиналмай қалған.
«Мамыр айында Тәжікстан мен Өзбекстан мигранттарына шектеу алынып тастаған. Бірақ бұл нәтиже бермеген. Себебі, ұшақтың қымбаттығынан көптеген мигранттар Ресейге бара алмай отыр», деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.