Өткен айда да дәл осындай апат болған еді. Фото: Рейтер
Қоршаған орта министрі Ева Бозайбаның айтуынша, Анголадағы алмаз кенішінен улы зат ағып, нәтижесінде 4500-ге жуық адам ауырған, 12 адам қаза тапқан. Ол мемлекеттің компаниядан шығынды өтеуді талап ететінін айтты, бірақ нақты соманы атамады.
Тау-кен компаниясынан әзірге жауап келмеді.
Өткен айда қоймадан құрамында ауыр металдардың қосалқы өнімі бар су ағып, өзеннің қызыл түске боялуына себеп болды. Салдарынан балықтар, бегемоттар және басқа да жануарлар қырылып қалды.